Степногорск қаласында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM —  Степногорск қаласының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қала тұрғындарына арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, іс-шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, сондай-ақ құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсету.

— Акция барысында әртүрлі мәселелер бойынша 100-ден астам тұрғын қабылданды. Барлық ниет білдірушілерге әлеуметтік қорғау, білім беру, тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік заңнама салаларындағы өзекті мәселелер бойынша тегін заң көмегі мен консультациялар көрсетілді, — делінген прокуратура хабарламасында.

Акция қорытындысы бойынша қала тұрғындары аталған бастаманы оң бағалап, оның тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.

Осыған дейін Түркістан облысында прокуратура 41 заңсыз әкімшілік істі келісуге жол бермегенін жаздық.