Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов, 1972 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Қарағанда қаласындағы «ДОС Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншліес кәсіпорны, «Кең-Дала» биржасында заңгер болып бастаған.
2004-2009 жылдары аралығында Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінде аға инспектор, «Қазтеміртранс» АҚ филиалы директорының орынбасары лауазымдарында болды.