«Бүгін Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе Ақмола облысындағы мекемелердің бірінің басшысынан 2 млн теңге көлемінде пара алу кезінде Степногорск қаласы прокурорын ұсталды», делінген хабарламада.
Аталған факт ҚР ҚК 366-бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүру үстінде.
Прокутатура бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайтындығын мәлім етті.