КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорск қаласының əкімі Әнуар Күмпекеев «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 25 балаға мектепке қажетті оқу-құралдары толтырылған сөмкелерді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен оныншы рет ұйымдастырылып отырған шараға қатысқан Ә.Күмпекеев биыл алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалар мен олардың ата-аналарына келешек ұрпақ жастардың білімді болуы үшін елімізде білім беру саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ балалар мен ата-аналарына сәттілік тілеп, бірге естелік суретке түсті.
Шарада балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері сомдалған театрландырылған қойылым көрсетілді.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.