Степногорскіде күзетші бөлтекелесін өлтірді
16:08, 29 Маусым 2012
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - 27 маусымда Степногорск қаласының кезекшілік бөлімшесіне жеке кәсіпкерліктердің бірінде қызмет жасайтын күзетші хабарласып, өнеркәсіп аумағындағы қоймалардың жанынан пышақпен жарақаттанған ер адамның мәйіті
табылғандығын хабарлады.
Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына шыққан жедел-тексеру тобы жәбірленушінің жеке тұлғасын анықтады, ол бірнеше рет істі болған 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, 27 маусымда сағат 02.00-де марқұм күзетшімен бірге спирттік ішімдік ішкен, араққа сылқия тойған екі ер адамның арасында дау туындаған. Соның салдарынан күзетші жәбірлеушінің денесіне бірнеше рет пышақпен жарақат салып, кейін полицияға хабар берген.
ҚР ҚК-нің 103 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.