Степняк қаласында көші-қон полицейіне пара берген шетелдік азамат ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірге сауда-саттықпен келген 1978 жылғы Е. есімді жақын шет ел азаматы көші-қон заңдылығын сақтамай, тұрақтау ережесіне мән бермеген. Жасаған заңсыздығына орай тәртіпке шақырып, хаттама толтыру кезінде көші-қон полициясының аға лейтенанты Берік Салықовқа бес мың теңге пара ұсынып, жауапкершіліктен құтылмақ болған. Тәртіп сақшысы құзырлы орындармен хабарласып, пара беруші айғақты дәлелдермен қолға түскен. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-сінің 312-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.
Бұған дейін осындай қылмыстық әрекет Астрахан ауданында тіркелген болатын. Онда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат полиция қызметкеріне пара бермек болған.