«Астананың туған күнін тойлау жөніндегі ұйымдастыру комитеті 4 шілдеде белгіленген Стингтің концерті болмайтынын өкінішпен хабарлайды», - делінген мерекелік іс-шаралардың ресми сайтында.
«Әртістің гастроліне жауапты "STCS management" компаниясы, туындап отырған техникалық себептерге байланысты концертті өткізудің мүмкін болмай отырғаны туралы қазақстандық тарапты хабардар етті», - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар, концертке билет сатып алған көрермендердің ақшасы толық көлемде қайтарылатынын мәлім етті. Билеттер 11 шілдеден бастап Астанадағы Жастар» сарайында, Алматы және Қарағанды қалалаларында қайтарыла бастайды.