Стив Джобс 2011 жылғы ең ықпалды ерлер тізімін басқарды

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - AskMen.com интернет-порталының нұсқауы бойынша, Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс 2011 жылдың ең ықпалды ер азаматтары тізімін басқарды.

«Apple» компаниясының негізін қалаушы өмірден озғаннан кейін елдер келесі Стив Джобс кім болар екен деген тақырып қозғай бастады. Кейбіреулер ол орын Марк Цукербергтікі десе, келесілері Ларри Пейдждікі деп болжады. Алайда ешқандай келесі Стив Джобс жоқ. Және болмайды да», - деп жазылған рейтингтің бірінші орнын ұсыну түсініктемесінде. «Стив Джобс, бізді өзгеше ойлауға үйреткеніңіз үшін үлкен рахмет», - деп жазған мақала авторы AskMen.com порталында.

Топ-парақтағы екінші орын АҚШ Әскери-теңіз күштерінің арнайы жасағы SEAL Team Six мүшелеріне Усама бен Ладеннің көзін құрту операциясына қатысқаны үшін берілді. Рейтингтің үшінші орны бизнесмен, Google басшысы Ларри Пейджге бұйырды.

2011 жылғы ең ықпалды ер азаматтардың алғашқы бестігін бизнесмен Уоррен Баффетт пен музыкант Канье Уэст бекітті. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Мохаммед Буазизи (Египет революциясының қаһарманы - 6 орын), Британия ханзадасы Уильям (7 орын), Anonymous (хакерлер тобы - 8 орын), Райан Гослинг (актер - 9 орын) және Лионель Месси (футболист - 10 орын) енді.