"Жарылғыш зат салынған сөмке кеше Стокгольмде лаңкестік актіге қолданылған жүк көлігінің ішінен табылды. Бұл туралы полициядағы дереккөздер мәлім етті», - деп хабарлады телеарна.
Жұма күні Стокгольм орталығындағы Дроттнинггатан көшесінде жоғары жылдамдықтағы жүк көлігі халықты таптап өте шықты. 550 метр жол жүрген көлік Åhlens сауда үйіне соқтығысқаннан кейін ғана тоқтаған. Жүк көлігі Spendrups компаниясына тиесілі болған және оны жүкті түсіру кезінде қаскөйлер ұрлап әкеткен.
Апат салдарынан төрт адам ажал құшып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды.