Стокгольмде әлемдегі ең терең метро станцияларының бірі салынуда

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат - Жер деңгейінен 105 метр төмен метро құрылысы ең төменгі шегіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Стокгольмдегі алып метро құрылысы ең төменгі шегіне жетті.

Ақпарат көзінің мәліметінше, жақында бір топ құрылысшы Зёдермалм аралындағы София станциясында жер деңгейінен 105 метр тереңдікте жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл әлемдегі ең терең метро станцияларының бірі болады.

Құрылыс 2030 жылы аяқталса, София станциясының платформасы көне жартастың 100 метр тереңдігінде өз орнын алады. Қалған 5 метр тереңдікте технологиялық кеңістік орналасады.

2025 жылы өлшемі 20/20 метрге жететін шахта ашу жоспарлануда, онда сегіз жоғары жылдамдықты София лифтілері орнатылады. Әрбір лифт секундына төрт метр жылдамдықпен 40 жолаушыны перронға дейін жеткізеді. Бір бағытта төмен сапар 30 секундтан аз уақытты алады. Тиісті эскалатормен жүру шамамен 20 есе ұзағырақ болады.