Стокгольмде «Еуровидение-2016» конкурсының финалы өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стокгольмде «Еуровидение-2016» музыкалық конкурсының финалдық раунды басталды, деп хабарлады Би-би-си.

Ресей бас жүлдені алуға басты үміткерлердің бірі. Ресейлік қатысушы Сергей Лазарев сахнаға You Are The Only One ("Ты - единственная") әнімен шығады. Австралия, Франция, Швеция да конкурс фавориттерінің қатарында.

Олардың арасында Украинадан қырым татары қызы Джамала «1944» деп аталатын әнмен қатысуда.

Бұл ән «Еуровидение» үшін ерекше болып отыр, - ол 1944 жылы Сталиннің бұйрығымен қырым татарларын күштеп қоныс аудару тақырыбына арналған.

Конкурсқа барлығы 42 елден әртістер қатысуда.

Ақпан айында дауыстарды санау ережесіне елеулі өзгерістер енгізілгені жарияланған болатын, кәсіби қазылар алқасы мен әр елдің телекөрермендері бұл жолы конкурсқа қатысушыларды бөлек бағалайды.

Бұдан бұрын қатысушылардың нәтижелері кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижелерімен бірден жарияланатын еді.