Көрермендер мен ұлттық қазылар алқасының дауыс беру қорытындыларына сәйкес, байқауды Латвия, Грузия, Болгария, Австралия, Украина, Сербия, Польша, Израиль, Литва және Бельгия қатысушылары жалғастырады.
Бірінші жартылай финал 10 мамырда өткен және оның қорытындылары бойынша финалда Ресей, Мальта, Әзербайжан, Армения, Австрия, Кипр, Чехия, Нидерланды, Хорватия және Венгриядан жиналған қатысушылардың музыкалық нөмірлері шырқалады.
Бұл байқау әлемдегі ең ірі ойын-сауық шоуы саналады. 2016 жылы оның финалы алғаш рет АҚШ-та көрсетіледі. Музыкалық байқау алғаш рет 1956 жылдың 24 мамырында болып өткен. 2016 жылы Еуровидениеге 42 елдің өнерпазы қатысып жатыр. Бұл жарыста ең көп рет Ирландия әншілері жеңіске жеткен (жеті рет). Одан кейін жеңімпаздар тізімінде алты рет бірінші орын алған Швеция орналасты.