Стокгольмде Евровидения-2016 бірінші жартылай финалы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Евровидение' музыкалық байқауының бірінші жартылай финалы Стокгольмде 'Глобен' спорттық-концерттік кешенінде өтеді.

14 мамырда болатын финалға 18 конурсанттың 10-ы өтеді, деп жазды РИА Новости.

Евровидение тікелей эфирде көрсетілетін әлемдегі ірі көңіл көтеру шоуы саналады. Екі жартылай финал мен финал аудиториясы 50 елде 200 миллионнан астам адамды құрайды. Биыл алғаш рет байқау финалы АҚШ-та тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Биыл Евровидениенің ұраны - "Come Together". Байқауға 42 елден қатысушылар жиналды. 1,5 мың журналист аккредиттелген.

«Балл беру өзгеше болады, жеңімпаз есімі ең соңғы минутта анықталады. Ұлттық байқауда осылай жүргізіп көрдік. Тартысты өтті! Бізге сол ұнады», - деді баспасөз мәслихаттарының бірінде швед тарапынан байқаудың атқарушы продюсері Кристер Бьеркман.