Стокгольмде химия саласындағы Нобельдік сыйлық табыс етілді

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Химия саласы бойынша 2010 жылғы Нобельдік сыйлықты американдық ғалым Ричард Хек және жапондық ғалымдар Эи-ичи Негиси мен Акира Судзуки алды. Бұл туралы Нобельдік комитеттің мәлімдемесінде жария етіліп отыр,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Сыйлық адамдардың күнделікті тіршілігін жетілдіруге көмектесетін күрделі молекулалар жасау үшін көміртек атомдарын қосудың жаңа, тиімді әдістерін ойлап тапқандары үшін тағайындалып отыр»,- делінген комитеттің хабарламасында.

Ағымдағы аптада Физиология және медицина саласы бойынша 2010 жылғы Нобельдік сыйлықтың иегері мәлім етілген болатын. Ол - британдық физиолог Роберт Эдвардс. Сыйлық «экстракорпоральды ұрықтандыру әдісін ойлап тапқаны үшін» беріліп отыр.

Нобельдік апталық осымен 109-шы рет ашылып отыр.