Еуропа чемпионаты бес күнге созылады. 28 қаңтарда ерлер арасында қысқа бағдарлама, қысқа би өтеді. 29 қаңтарда әйелдер арасында қысқа бағдарлама және жұптасып билеу жарысының финалы, 30 қаңтарда - жұптардың қысқа бағдарламасы мен ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан ақтық бәсеке, 31 қаңтарда әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың финалы өтеді. 1 ақпанда жұптасып сырғанаудан ақтық жарыс, сондай-ақ бұл күні гала-көрсетілім ұйымдастырылады. Бәсекелер швед астанасының "Глобен-Аренасында" өтеді.
09:04, 28 Қаңтар 2015
Стокгольмде мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде швед астанасында мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты басталады.