Стокгольмдегі хоккейден Әлем чемпионаты ойындары билетінің құны төмендеді

АСТАНА.  7 мамыр. ҚазАқпарат - Стокгольмдегі хоккейден Әлем чемпионаты ойындары билетінің құны төмендеді,

деп хабарлайды Утро. ру.

Ұйымдастырушылар аталған атаулы додадағы турнир  ойындарына арналған билеттердің құнын үш есеге төмендету шешімін жасады. Бағаны төмендетуге әлемдік біріншіліктің бастапқы күні Стокгольмдегі матчтарға көрермендердің аз келуі,  яғни билеттердің бағасының жоғары болуы себеп болып отыр. Бұл жайында шведтік хоккей федерациясының сайты хабарлап отыр.

Атап айтқанда, енді ойындарға арналған кіру билетінің ең төменгі құны 395 крон (шамамен 8,5 мың теңге) болмақ. Билеттерді ескі бағамен сатып алған жанкүйерлер ойынды бұдан былай қымбаттырақ орындардан тамашалай алады.