Тергеу барысында тұтқындалушының «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жақтасы және мұсылман екендігі анықталды. «Сириядағы бомбалау тоқтатылуы керек», - деп мәлімдеді ол, терактіні өткізу туралы бұйрықты аталмыш елдегі экстремистерден алғанын айта келе.
Басылым дереккөзінің айтуынша, Акилов Стокгольмде «адасушыларды басып өткенін» мәлімдеген.
Бұрын хабарланғандай , 7 сәуір күні Spendrups компаниясына тиесілі айдап әкетілген жүк көлігімен белгісіз біреу Стокгольм орталығындағы Дроттнинггатан көшесінде 550 метр жол жүріп, адамдарды басып өткен.
Полицияның дерегі бойынша, 15 адам жарақат алып, төртеуі қаза тапқан. Прокуратура теракт ісі бойынша екі адамды тұтқындады.