Стокгольмда шведтік белсенді Құранды өртеді
21:56, 28 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Қасиетті Құранды өртейтін кезекті акция Стокгольмда өтті. Оны шведтік белсенді Джейд Сандберг жасаған. Бұл туралы vesti.ru сайты жазды.
Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.
Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір мөлтек ауданында болған. Джейд Сандберг бұл айуандық әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны тағы да 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.
Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген. Қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні «Евровидение» музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтпекші