Айта кетейік, жуырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің стоматология факультеті, Алматы дипломнан кейінгі білім беру стоматологиялық институты және «KAZDENTEXPO - 2017» халықаралық мамандандырылған стоматологиялық көрмесімен бірігіп «Қазіргі заманның стоматологияның өзекті проблемалары» атты V - халықаралық конгресі және Қазақстан стоматологтарының VІІІ съезі өткен болатын.
Ал, Астана қаласында «Стоматологиядағы инновациялар» атты стоматологтардың Халықаралық Конгрессі Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының Президенті Patrick Hescot-тың қатысуымен жүзеге асырылды. Сапар шеңберінде FDI Президентінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық Денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының басшы құрамымен кездесу жоспарланып отыр. Аталмыш Конгресс Қазақстан Республикасының стоматологиялық қызметін жаңа жағдайларда дамыту стратегиясының мәселелеріне арналған.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Бірыңғай Қазақстандық стоматологтар Ассоциациясы Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының құрамына кірген болатын. Сондай-ақ, Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының құрамында Қазақстан стоматологтарының Ұлттық Комитеті құрылған еді. Оған Қазақстандық стоматологтар ассоциациясы және Бірыңғай Қазақстандық стоматологтар ассоциациясы енді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда екі стоматологиялық қауымдастық белсенді жұмыс істейді: Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы және Бірыңғай Қазақстан стоматологтар қауымдастығы.
Бір қыңжылтаныны, Қазақстанда стоматолог дәрігерлер жетіспейді. Ал бет-жақсүйек хирургтары жоқтың қасы. Сол себептен Денсаулық сақтау Ұлттық Палатасы стоматологтар Комитеті стоматологиялық аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламасын шығаруды өтінді.
Қазіргі уақытта елімізде 2611 стоматологиялық ұйым жұмыс істейді. Оның 60 пайызы қалада, ал қалған 40 пайызы - ауылда орналасқан. Дей тұра, мемлекеттік және мемлекеттік емес стоматологиялық кабинеттердің жылдық өсімі 725 бірлікті құрайды. Нақтырақ айтатын болсақ, 2611 ұйымның 920-сының мемлекеттік меншік нысаны бар, бұл 35,2% құрайды. Республикада 15 мемлекеттік стоматологиялық емхана жұмыс істейді. 2016-2017 жылдары оның екеуі жекешелендіруге қойылған.
Биыл жыл басында елімізде халыққа стоматологиялық көмек көрсету стандарты бекітілді. Оның нәтижесінде стоматологиялық көмектің сапасын арттыру мүмкін болды. Жаңа құжатта тіс дәрігеріне, стоматологиялық гигиенистке, дантистке, және дәрігер-стоматологқа қойылатын мамандық талаптар қалыптастырылды.
Қазіргі уақытта Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының Стоматология комитеті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стоматологиялық қызмет көрсетуге арналған тариф құнын өсіру жағына жіктеуішті қайта қарау жөнінде ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің қарауында Бірыңғай Қазақстан стоматологтар қауымдастығы әзірлеген Стоматологиялық аурулардың алдын алу бағдарламасының жобасы, ҚР ДСМ және ҚР БҒМ-нің балалар мен жасөспірімдердің стоматологиялық денсаулығын жақсарту туралы бірлескен бұйрығының жобасы тұр.
19:46, 07 Шілде 2017
Стоматологтардың Халықаралық Конгрессі Астана қаласында өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тіс ауруы ең кең таралған ауру. Ол ауырса, кішкентай бала түгілі, үлкен кісілер мазаланып, есі кетеді. Кеңес заманында оған жұрт онша көңіл бөле қоймайтын, қазіргі таңда тіс дәрігері жоғары құрмет көрсетілетін қажетті мамандықтың бірі.