«Страндж-2023» турнирі: Қазақстандық бес боксшы 1/8 финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан 21 ақпанда 1/16 финалда кешкі сессияда үш былғары қолғап шебері шаршы алаңға шықты. Олардың қатарында Тезек Темірхан (67 келі) болгариялық Пламен Янковты 4:1, 86 келі Бекзат Таңатаров үндістандық Картикті 5:0 есебімен жеңіп, жарысты келесі сатысына шықты.

Ал 54 келіде Бекзат Алдамжаров Бекзат франциялық Биллал Беннамаға 0:5 еесбімен есе жіберіп, жарыстан тыс қалды.

Сондай-ақ, күндізгі сессияда 57 келіде Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахерді, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов испаниялық Конде Ойер Ибарречені орта жолда қалдырып кетті.

Ал 20 ақпанда Ерасыл Таңқай (60 келі) италиялық Даниэле Салерноны тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған жарыста қазақстандық 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды.