Странджа-2025: Бүгін бұрымды боксшыларымыз шаршы алаңға шығады

Фото: Бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінда» еліміздің бұрымды боксшылары шаршы алаңға шығады.

Қазақстан құрамасы сапынан 13 боксшы сынға түседі.

Күндізгі сессия:

48 кг. Әйгерім Сәттібаева - Сиара Уолш (Ирландия).
52 кг. Жансая Рахымберді - Венелина Поптолева (Болгария).
52 кг. Жәзира Орақбаева - Рим Беннама (Франция).
57 кг. Айдана Забынбекова - Асюде Эдиз Эче (Түркия).
63 кг. Лаура Есенкелді - Анжела Карини (Италия).
70 кг. Азиза Исина - Елизавета Константиниду (Грекия).

Кешкі сессия:

50 кг. Елянұр Тұрғанова - Романе Мулай (Франция).
54 кг. Анел Сақыш - Мелисса Бунуа (Франция).
54 кг. Сымбат Әлиаскар - Ярен Нилай (Түркия).
60 кг. Римма Волосенко - Ребекка Николи (Италия).
66 кг. Гаухар Шайбекова - Ли Ю Ян (Қытай).
75 кг. Шұғыла Нәлібай - Василика Ставриду (Грекия).
+81 кг. Ләззат Күнгейбаева - Сейма Дузташ (Түркия).

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің екі сессиясында Қасзақстан атынан 13 бұрымды рингке шығады. 

Осыған дейін ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 18 боксшы жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.