Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен аталған турнир биыл осымен 76-шы рет өз жалуан желбіретті. Қазақстан боксшылары бұл додаға 1994 жылдардан бері қарай қатысып келеді.
Биылғы бәсекеде ерлер құрамасы 5 алтын, 9 күміс, 4 қола қола медальға қол жеткізді.
Алтын медаль иеленген боксшылар:
63,5 келі - Ертуған Зейнуллинов
67 келі - Төрехан Сабырхан
71 келі - Аблайхан Жүсіпов
75 келі - Сабыржан Аққалықов
86 келі - Бекзад Нұрдәулетов
Күміс медаль иеленген боксшылар:
51 келі - Даниал Сәбит
54 келі - Тимур Қабдешов
60 келі - Серік Теміржанов
63,5 келі - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі - Фарух Тоқтасынов
75 келі - Тимур Нұрсейітов
80 келі - Ерасыл Жақпеков
86 келі - Нұрбек Оралбай
92 келі - Айбек Оралбай
Қола медаль иеленген боксшылар:
48 келі - Теміртас Жүсіпов
57 келі - Оразбек Асылқұлов
60 келі - Талғат Сырымбетов
92 келі - Данияр Рахымбердинов
Жалпы медальдар кестесі (ерлер):
Қазақстан - 5 алтын, 9 күміс, 4 қола
Өзбекстан - 5 алтын, 1 күміс, 2 қола
Болгария - 2 алтын, 3 қола
Түркия - 1 алтын
Әзербайжан - 2 күміс, 2 қола
Грекия - 1 күміс
Ирландия - 4 қола
Косово - 2 қола
Грузия - 2 қола
Англия - 2 қола
Франция - 1 қола
Италия - 1 қола
Израиль - 1 қола
Аустрия - 1 қола
Қытай - 1 қола
Аталған турнирде Қазақстан құрамасы жүлде алудан ең үздік көрсеткішін жаңартты (бұған дейінгі рекорд 2022 жылы 2 алтын, 2 күміс, 5 қола алған).
Осы жарыстың тарихында алғаш рет отандық боксшылардың арасында 4 финал тіркелді.
67, 71, 75, 86 келіде алғаш «Странджа» турнирінің алтын жүлдесі бұйырды.