Странджа-2025: Қазақстандық 8 бұрымды боксшы қола медальға қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» қазақстандық 8 қыз жартылай финалда қарсыластарына жол берді. Нәтижесінде әр қайсысы кіші әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Қола медальға 50 келі салмақта Элянур Турганова, 52 келіде Жансая Рахымберді, 52 келіде Жазира Орақбаева, 54 келіде Сымбат Әлиасқар, 63 келіде Лаура Есенкелді, 66 келіде Гаухар Шайбекова, 70 келіде Азиза Исина, 75 келіде Шұғыла Нәлібай ие болды.
Ал финалға Қазақстаннан алты боксшы қыз шықты.
Атап айтар болсақ, 48 келіде Әйгерім Сәттібаева, 54 келіде Әнел Сақыш, 57 келіде Айдана Забынбекова, 60 келіде Римма Волосенко, +81 келіде Ләззат Күнгейбаева мен Дина Исламбекова аталған турнирдің алтын жүлдесін сарапқа салады.
Бүгін кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің екі сессиясында Қасзақстан атынан 13 бұрымды боксшы шаршы алаңға шықты.
Странджа турниріндегі ерлер арасындағы жартылай финалға 18 боксшы шыққан болатын. Олар ертең, яғни наурызға жоспарланған. Ал әйелдер арасында ақтық сынға өткен спортшылардың есімі бүгін, яғни 1 наурыз күні финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Сондай, осыған дейін тағы екі қазақстандық бұрымды боксшы финалға шыққан болатын.