86 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда отандасымыз жергілікті боксшы Семен Болдыревпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда қарсыласы жекпе-жекке шықпай қалды.
Сонымен қатар 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Ерасыл Жақпеков та ақтық кезеңге өтті. Ол жартылай финалда ұлыбританиялық боксшы Димежи Шитудан айласын асырды.
Осылайша тағы екі боксшымыз «Странджа кубогының» финалына шықты.
Айта кетсек, осыған дейін Айбек Оралбай, Даниял Сәбит, Ертуған Зейнуллинов және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы финалға шыққанын жазған едік.
Жалпы бүгін Болгария төрінде 18 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, финалдық бәсекені сарапқа салады.