Странджа кубогы: Санжар Тәшкенбай финалда ұтылып, күміс медаль еншіледі

Фото: Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай финалда үнді боксшысынан ұтылып күміс медалді қанағат тұтты.

51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз аса тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша үндістандық қарсыласы Амит Пангалдан 5:0 есебімен жеңіліп қалды. 

Осылайша аталған салмақ дәрежесінде Үндістанның спортшысы чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай болса күміс медальды қанағат тұтты.

Айта кетейік, Амит Пангал - 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы. Сондай-ақ 2018 жылы Азия ойындарының жеңімпазы болған.

Еске салайық, Тәшкенбай жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістіріп, қарсыласын 3:2 есебімен жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек таңатқаннан жеңіліп, қола жүлдегер атанды.