НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан «Странджа кубогында» ерлер арасында қазақстандық Дамир Әбдіқадір күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
51 келі салмақта сынға түскен Дамир Әбдіқадір финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбестандық Хасанбой Дусматовқа жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін аталған турнирде әйелдер арасындағы айқастарда Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Дина Жоламан күміске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар.
Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.