НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен Болгария астанасында өтіп жатқан Странджа кубогы турнирінде әйелдер арасында қазақстандық Назым Қызайбай чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
50 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалда алжирлік Роумайса Боуалмен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, тунирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады.
Ал 54 келі салмақта сынға түскен тағы бір бұрымды боксшымыз Дина Жоламан «Странджа кубогінің» күміс жүлдесін иеленді.
Ол финалда шаршы алаң иесі Станимира Жоламанмен жұдырықтасып, қарсыласына жол берді.
Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар.
Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.