Странджа турнирінде финалда бүгін қазақстандық алты боксшы сынға түседі

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күні, 1 наурызда финалда ел құрамасынан 6 боксшы шаршы алаңға шығады.

23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.

Күндізгі сессия (17:00)

2 жұп. 54 келі. Әйелдер. Элина Базарова — Лорен Макки (Англия)
5 жұп. 65 келі. Әйелдер. Лаура Есенгелді — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
8 жұп. 80 келі. Әйелдер. Надежда Рябец — Ярен Дузтас (Түркия)
9 жұп. 80 келіден жоғары. Әйелдер. Валерия Аксенова -Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
11 жұп. 50 келі. Ерлер. Даниял Сәбит — Билалхабаши Назаров (Азербайджан)
15 жұпа. 70 келі. Ерлер. Фарух Токтасынов — Лавант Броунли (АҚШ).

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Странджа турнирінде қазақстандық алты боксшы алтынға таласатыны жөнінде хабарланды.