Странджа турнирінде қазақстандық алты боксшы алтынға таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күні, 28 ақпанда еліміздің ерлер құрамасынан екі боксшы алтын медальға таласады.
23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Ел құрамасынан Даниал Сәбит (50 келі) жекпе-жексіз финалға шықты. 2025 жылғы Қазақстан чемпионы жартылай финалда өзбекстандық Асилбек Жалиловпен кездесуі тиіс болатын. Қарсыласы алған жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Сондай-ақ қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Фарух Тоқтасынов (70 келі) Өзбекстан спортшысы Шавкатжон Болтаев жартылай финал жекпе-жегін өткізбейтін болды. Оған басты себеп — қарсыласының жарақат алуы.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Элина Базарова (54 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) финалға шыққан еді.
Ал отандасымыз Надежда Рябец (80 келі) ешқандай жекпе-жексіз бірден финалға жолдамаға қол жеткізді.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.