Странджа турниріне Қазақстаннан қай боксшылар қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында 2-12 ақпан аралығында өтетін дәстүрлі Странджа турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Странджа кубогы турнирі кіші әлем чемпионаты саналады. Халықаралық турнир биыл 75-ші мәрте жалауын көтереді.
Оған Қазақстан құрамасы сапында 11 боксшы қатысад.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Ел құрамасы сапында турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бар.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.