08:19, 03 Сәуір 2009
Страсбург пен Келеде НАТО-ның мерейтойлық саммиті ашылады
СТРАСБУРГ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Бүгін Страсбург пен Келе қалаларында Солтүстікатлантикалық альянстың 60 жылдығына арналған НАТО-ның жоғары деңгейдегі екікүндік мерейтойлық саммиті ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форум жұмысына альянсқа мүше 28 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады, альянсқа қосылу үдерісінің аяқталуына байланысты Албания мен Хорватияның ұйымға толыққанды мүше мәртебесіне ие болғанын ҚазАқпарат бұрын хабарлаған болатын. Бейсенбі күні кешке Страсбургте «НАТО-2020» жастар форумы өтіп, онда студенттер мен жас саясаткерлердің алдында альянс бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер сөз сөйледі.