Стратегиялық әріптестік пен Украина мәселесі: ҚР Президенті мен Путин не туралы сөйлесті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одасқтастықтың жоғары деңгейіне қанағаттанатындарын білдірді. Бұған қоса, мемлекет басшылары Ыстанбұлда өткен Ресей-Украина тікелей келіссөздерінің нәтижесі бойынша пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып, Мәскеуде ұйымдастырылған іс-шаралардың салтанатты жағдайда өткенін және халықаралық қауымдастықтың оң көзқарас қалыптастырғанын атып өтті.
Осыған дейін Президенті Мемлекет басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескенін жаздық.