Қазақстан Президентінің кеңесшісі тағайындалды

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтағанын жазған едік.