Стратегиялық әріптестікті нығайту Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың басымдығы болып қала бермек - Қ.Келімбетов

None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Стратегиялық әріптестікті нығайту Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың басымдығы болып қала бермек.

Бұл туралы бүгін  ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтіп жатқан  Ынтымақтастық жөніндегі Қазақ-қытай комитетінің 6-шы отырысында  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов айтты.

«Екі елдің басшылығы қолға алған ауқымды стратегиялық әріптестікті нығайту бағдары ынтымақтастықтың өмірлік маңызы зор салаларындағы іс-қимылдардың басымдықты бағыттары болып табылады. Осыған орай екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге қызмет ететін шағын комитеттердің жұмыс қорытындысына жоғары баға бергім келеді», - деді ол.

Сонымен қатар Қ.Келімбетов соңғы 2 жылдың ішінде Қазақстан мен Қытай ортақ стратегиялық әріптестікті алға жылжытуда жайлы негіз қалыптастыра алғандығын баса атап өтті.