Стратегиялық басымдықтарды анықтау керек – Президент техникалық және кәсіптік білімді дамыту жайлы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дамуына кешенді түрде келіп, колледждерді сенімді басқармаға ауысуындағы стратегиялық басымдықтарды анықтау керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз кеңесінде Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңыздымәселе – уақыт пен еңбек нарығының талабына сай арнайы орта білім беру оқуорындарын жаңғырту. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, колледждерде басымдық текматериалдық-техникалық қамтамасыз етумен ғана жұмыстың бәрі шектеліп қалатынынкөрсетіп отыр. Бұл – ресурс жағынан шығынға ұшырататын әдіс. Үкіметкетехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дамуына кешенді түрде жақындап,колледждерді сенімді басқармаға ауысуында стратегиялық басымдықтарды анықтаудытапсырамын», - деді Президент Тамыз конференциясында.

Бұл ретте Мемлекетбасшысы дуальды оқытуды дамыту, түлектерді жұмысқа тұрғызу жұмысына маңызберуге шақырды.

«Бұл жерде менжақсы мысал ретінде Атыраудағы мұнай саласының кадрларын дайындайтын колледждіайтар едім. Жұмыс сапары кезінде ол колледжге барып қайтқанмын», - дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар