Бейнежазбадан көрініп тұрғандай, парашютшы секірген кезде қатты айналып кетеді, алайда ол көп ұзамай өз денесінің тепе-теңдігін қалпына келтірген.
Айта кетейік, Баумгартнер стратосферадан секірісін 2012 жылдың 14 қазанында жүзеге асырған. Ол шамамен 10 минут бойы құлап отырып, сағатына 1357,6 шақырым жылдамдық шығарған. Секіріс биіктігі, еркін құлаудағы бағындырған ара қашықтығы бойынша батыл жан рекорд жасап (36 шақырым), ешқандай транспортсыз дыбыстық кедергіні бұзып өткен тарихтағы алғашқы адам болды.