Стромболи аралында жанартау атқылап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сицилия аралының оңтүстік-шығыс жағалауындағы Стромболи аралында жанартау атқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ материалдық шығындар әкелмеген.

Стромболи – оқтын-оқтында атқылап жататын жанартау. Ол Липар аралдары архипелагындағы Стромболи аралында орналасқан.