Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлаған.
Анна Арундел атындағы қоғамдық колледждің бухгалтерлік есеп пәнінің мұғалімі Реб Битти (Reb Beatty) емтиханда 3-те 5 дюйм (8-де 13 см) көлеміндегі карточканы қолдануға рұқсат еткен, алайда өлшем бірлігін нақтылауды ұмытып кеткен. Бұрын оны дұрыс түсінген, бірақ бұл жолы студенттердің бірі әңгіме дюйм жайлы емес, фут туралы деп ойлаған. Оның шпаргалкасы күткен көлемнен 144 есе үлкен болған және үстелді толық жауып тастаған.