Ерсұлтан Қанатұлы Қасым - 1997 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылында дүниеге келген.
Қазіргі таңда Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығының «Тас қалаушы» біліктілігі бойынша ІІІ курс студенті. Колледж қабырғасында түрлі пәндік олимпиадаларға, мамандық конкурстарына қатысады. Ерсұлтан алдағы уақытта үстіміздегі жылдың 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында өткізілетін Ұлттық сайысқа қатысуға жолдама алды. Бүгінгі таңда ҚР Колледждер ассоциациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «WorldSkillsKazakstan» Ұлттық чемпионатына қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.