Оқиға Бойнтон-Бич қаласының маңында орын алған.
«Жемі бар қармақты суға тастағаным сол еді, үлкен балға-балық ілікті. Ол менің дәл қасымда болған шамасы. Бір қызығы, маған жақын болғанын басында сезбедім», - деді А.Фиск.
Қармаққа ілінген үш метрлік акула балықшыны екі сағат бойы мұхитта сүйреп жүрген. Осы аралықта Фисктың қайығы шамамен 20 шақырым жүріп өтіпті. Салмағы 11 фут болатын балықпен болған екі сағаттан кейінгі «серуеннен» кейін студент қармақтың бауын кесіп тастаған.
Ең бастысы, студент акуламен болған серуенді бейнекамераға түсіріп алып, жазбаны YouTube желісіне салып қойған. Одан студенттің экстремалдық балық аулаушылардың бейресми клубына мүше екенін байқауға болады. Себебі, бұл ұйымның мүшелері балық аулау кезінде түсірілген жазбаларды ғаламторға жиі салады.