Онда студент-спортшылар қоғамдастығы атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Президенті сайлауын кезектен тыс өткізу туралы туралы игі бастамасын бірауыздан қолдау жөнінде Үндеу қабылдады.
«Біз, қазақстандық бүкіл жоғары оқу орындарының спортшы-студенттері, Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясына біріге отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Президенті сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Біз, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу - еліміздің бағдарламалық стратегиялық мақсаттарын, «Қазақстан - 2050» стратегиясын және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп санаймыз. Кезектен тыс президенттік сайлау - Қазақстанда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді. Ал бұл, студенттер спортын дамыту бойынша сүбелі жобаларды жүзеге асыруға кепіл бола алады. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын өткізу және жүзеге асыру идеясы үшін Сізге алғыс айтамыз! Испанияның Гранада қаласында өткен Бүкіләлемдік Универсиадада біз үшінші орын алдық. Енді сол нәтижені жақсартуға күш саламыз. 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарын сәтті өткізуді және 2022 жылы Алматыда қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын алу мүмкіндігін біз тек Сіздің есіміңізбен байланыстырамыз. Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының студент спортшылары Студенттік спорт федерациясымен біріге отырып, Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау туралы оң шешім қабылданған жағдайда, Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың сайлауға түсуін сұрайды», - деді студенттер атынан XXVII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері Павел Зятьков.
Қазақстаның ұлттық студенттік спорт федерациясының ұйымдастыруымен өткен бүгінгі митингіде студент-спортшылар, Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері, оқытушылар құрамы, спорт саласының мамандары мен ардагерлері Үндеуді қызу қолдайтындықтарын білдірді.