деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған орай аталған білім ордасында арнайы конференция ұйымдастырылып, қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы 15 адамнан тұратын «Сенім» атты студенттердің кәсіподақ комитеті құрылды. Еуразия ұлттық университетінде оқып жатқан жастардың мәселелерімен айналысатын осы комитеттің басшылығына университет түлегі, тәрбие жұмысы қызметінің жетекшісі Думан Айтмағамбетов сайланды.