деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясаттың тұжырымдамасы таныстырылып, аталған құжаттардың еліміздің құқықтық-демократиялық ұстанымын дамыту жолындағы маңыздылығы жан-жақты ашылды. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев атап көрсеткендей, адам құқықтарын қорғау саласында Қазақстанның ұлттық іс-қимыл жоспары мен Құқықтық саясат тұжырымдамасы ел Конституциясы және барлық халықаралық шарттарға сай адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете алады.