Шаһар басшысының айтуынша, байқау дарынды да талантты жастардың қабілетін арттырып, студенттерді ғылыммен шұғылдануға, сонымен қатар, өздерінің жобалары мен жаңа идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Әрбір студент бұл байқаудың қатысушысы бола алады.
Байқау 5 бағыт бойынша өткізіледі. Комиссия мүшелері әрбір сала бойынша үздік деген үш жобаны таңдап алып, әлеуметтік желілерде жариялайды. Ал жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Байқау соңында олар өз жобаларын іске асыруға басшылық жасайтын болады.
Байқау 2017 жылы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:
1. ҚР Президентінің жолдауын қала xалқына түсіндіру бойынша үздік жоба;
2. Қоғамдық көліктердің жұмысын ұйымдастыру;
3. Шымкент қаласы туралы үздік бейнеролик;
4. Шымкент қаласындағы парктерді, шатқалдар мен жағалауларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
5. Бұқаралық спортты ұйымдастыру бойынша тиімді жоба.