АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалмақ Республикасының астанасы Элиста қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында отандастарымыз бір алтын, бір күміс және бір қолаға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын медальді Абай Қуандықов (52 келі) жеңіп алса, күміс жүлдені Бекболат Құрамысов (69 келі) қанжығасына байлаған. Ал қола жүлдеге Ержан Ордабаев (60 келі) ие болды.
Абай Қуандықов финалда Тайбэй елінен келген Хон Чуан-Хсунды тізе бүктірді. Ал Бекболат Құрамысов шешуші айқаста тағы бір Тайбэй өкілі Пан Хун-Мингпен жұдырықтасты. Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазылар жеңісті қарсыласқа берді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.