Студенттер арасындағы қордаланған мәселелерді бірігіп шешетін кез келді - қалалық алқалы жиынға қатысушылар пікірі

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студентердің өзін-өзі басқару қызметінің тиімділігін арттыру» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздің бұл алқалы жиынды өткізудегі басты мақсатымыз - студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының беделін көтеру. Студенттер арасында туындаған барлық мәселені өзге жерде емес ең алдымен студенттік ұйымдарда талқылап, шешімін іздеу. Сол себепті біз бүгін оны қалай шешудің жолын іздестіруіміз керек. Біздің бұған дейінгі мәжілістерімізде негізінен студенттер одақтарын біріктіру, бірге жұмыс жасау жайы талқыланатын. Енді қандай мәселені университеттің өз ішінде шешуге болады деген сұраққа жауап қарастырамыз», - дейді Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің Жастар ісі комитетінің төрағасы Азамат Қаптағаев. Бұл басқосуда сондай-ақ студенттер арасынан көшбасшыларды шығару және студенттер ұйымдарының басқару менеджментін жетілдіру мәселелері де жан-жақты сөз болмақ.Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінде өтіп жатқан бұл шараны Жастар ісі комитеті мен «TaLab ? сәттілік зертханасы» ғылыми-білім беру орталығы» ұйымдастырып отыр. Алқалы жиынға қатысып жатқан 20-дан астам студенттік ұйым жетекшілерінің айтуынша, университеттік шараларға қазір студентердің 2 пайызы ғана белсенді түрде қатысады. Оқу орындарының ішіндегі құрылымдарға студенттердің шоғырлануының нашар және ондағы ұйымдардың сапалы жасалған жобаларға тапшы болуы түрткі болып отыр.