«Студенттер құрылысының бұл кезеңі екі айға жоспарланған. Әрбір құрылысшылар жасағына, әрбір студентке кәсіпорынның тәжірибелі шеберлері жетекшілік етеді»,- деді баспасөз қызметі.
Кәсіпорынның мәліметінше, космодром құрылысына қатаң байқаудан өткен үздік жасақтар келген. 163 құрылыс жасағының ішінде тек 28-і ғана ғарыш айлағына жолдама алды. Сонымен қатар, әскери-құрылыс кешенінің құрылыс аумағында оның 22-сі ғана жұмыс істейді. Студенттерді 5 мың метрден астам жолдар мен тротуарлардың жиегін жасау, 2 мың шаршы метрге жуық жаяу жүргіншілер жолына плиткалар төсеу, 4 мың шаршы метр аумақты сылау жұмыстары күтіп тұр.