Студенттер Ғашықтар күні Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға айналды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ғашықтар күнінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері ЖОО қабырғасында алғаш өтіп отырған шығармашылық байқауда өшпес махаббатымен дүниежүзіне белгілі болған қазақ эпосының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға айналды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқаудағы жұптар жарыстың төрт кезеңінен өтті - таныстыру, поэтикалық байқау, театр және тарихи көрініс. Курстас-көрермендерге олар қазақ халқының дәстүрін көрсетіп, лирикалық махаббат эпосынан үзінділер мен өлеңдер оқыды. Белгілі ғашықтардың махаббат тарихынан қойылымдар көрсетті. Жастар қазіргі кезде қыздар мен жігіттер арасында туындайын түрлі жағдайларды да сахналап берді.

Қатысушылар байқау соңында берген блиц-сұхбатында Қозы Көрпеш пен Баян сұлу тарихы жастардың жадында мәңгі сақталатынын, уақыт шегіне бағынбайтынын жеткізді. Енді олар қайғылы аяқталған, қос ғашықтың өлмейтін махаббаты жайлы білетін болады.

Жастардың көбі өздерінің шынайы, таза махаббаттарын күтіп жүрсе, тек біреуі ғана өзінің ғашығымен сезімді бастан кешіп жүргенін айтып берді. Қыздар бұл сұраққа жауап беруге қысылды, алайда өздерінің сүйіктілерін табатындарына сенімді екендерін жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Жүрсін Жұмабаев пен Ілияс Інжу ең дарынды ғашықтар деп танылып, гран-приді жеңіп алды. Бірінші орынды Нұрбақыт Таннұр мен Ақмарал Баймурзина алды.

Универститеттің тәрбие жұмысы мен әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Әлия Айтуғанова айтқандай, Қазақстанның өскелең ұрпаққа жеткізер ұлттық ұлы аңыздары, өзінің батырлары, аңыздары, дәстүр бар.