теміржол құрылысы факультетінің 2-курс студенттері арасында «Есірткіден бас тарт» іс-шарасын өткізген еді.
Осы іс-шарада есірткі заттарды табуда өз ықпалдарын тигізіп жүрген кинологиялық орталықтың қызметімен таңыстырыңызшы деген жастар ниетіне Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Орынбай Дүйсембиев уәдесін берген еді. Көпке апармай уәдесін орындап, таяуда колледж студенттері кинологиялық орталықтың қызметі нақты айтқанда иісшіл иттердің есірткі, жарылғыш заттарды табу дағдыларына куә болды.
Орталықтың қызметкерлері - полиция аға лейтенанты Ардақ Бекмұрат және полиция аға сержанты Ержан Қаппасов «Хэппи», «Моно» лақап атты иісшіл иттерді пайдаланып, қораптардың ішіне жасырылған заттарды тез арада тауып, жастардың қошеметіне бөленді. Заттарды тауып ғана қоймай, сонымен бірге өз жаттықтырушыларының әр түрлі пәрмендерін бұлжытпай орындап, жиналған қауымды таң қалдырды.
«Есірткі заттарды іздестіретін иттер есірткімен қоректенеді деп естідік. Сол шын ба?» деген сұраққа Кинологиялық орталықтың бастығы полиция майоры Қанат Жакенов: мұның барлығы бос сөз, есірткіге тәуелді ит ұзақ жыл қызмет ете алмас еді. Екіншіден, ол есірткіні біз күнде қайдан тауып беріп отырамыз - деп жауап қайтарды. Ал, есірткі, жарылғыш заттарды иттер «ойын» әдісі бойынша табатынын айтып, жаттықтыру тәсілдерімен бөлісті. Әуе және темір жол арқылы есірткі затын тасымалдап, оңай ақшаға тап боламын дегендер түбінде абақтыдан шығатынын түсінген жастар шара соңында «Хэппи» мен «Мононы» ортаға шақырып естелік суретке түсті", - деп хабарлады Көліктегі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында есірткінің зияны туралы кітапшалар мен журналдар таратылды.