Студенттер велосипед ұрлығына қарсы жаңа әдіс ойлап тапты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде үш студент велосипед ұрлығына қарсы жаңа әдіс ойлап тапты. Айтуларынша, осы әдісті қолданған адамның велосипеді ұры-қарыдан аман болады.

Велосипедтің құлпының рөлін оның рамасы атқарады. Студенттердің айтуына қарағанда, олар бұл әдісті ақша табу үшін емес, велосипед ұрлығына қатысты проблеманы шешу үшін ойлап тапқан көрінеді.